Қордайдағы қақтығыс: мемлекетке 829 млн теңге шығын келген
Қордай оқиғасы бойынша 51 адам айыпталуда
Қордайдағы қақтығыстан мемлекетке келген шығын 829 млн теңгеден асады. Бұған қоса тәртіп сақшыларының өртелген автокөліктері тағы бар. Бұл жайында Таразда өткен «Қордай ісіне» қатысты сот отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Мұнан соң прокурор күдіктілерге бес сағат бойы айыптау актісін оқыды. Алдымен «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген бес адамның есімі аталды. Олар Масаншыдағы жанжалды ұйымдастырғаны үшін айыпталмақ. Тіпті, телефон арқылы аудиохабарлама таратқандардың да есімдері жарияланды.
Айта кетейік, Қордай оқиғасы бойынша 51 адам айыпталуда. 10-ы кісі өлтірді деген күдікке ілінсе, қалғандары жаппай тәртіпсіздік жасап, қарақшылыққа жол берді деп айыпталуда.