$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 04:43
Жаңалықтар

Ақтөбеде жол салатын мекеме жұмысшалары жаппай жұмысқа шықпады

Компанияның жұмысшыларға берешегі шамамен 30 миллион теңгені құрайды

Ақтөбеде жол салатын мекеме жұмысшалары жаппай жұмысқа шықпады
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде жол салатын ірі мекеменің жұмысшылары жаппай жұмысқа шықпады. Осылайша олар үш айдан бері жалақы төлемей отырған жұмыс берушіге наразылықтарын білдірді. Жұмысшылардың айтуынша, компанияның жұмысшыларға берешегі шамамен 30 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мекемедегі 300-ге жуық жұмысшы қыркүйек, қазан, қараша айларының жалақысын алмаған.

«Біз жұмыс істеуден бас тарттық. Айлық бергенше жұмыс істемейміз. Өйткені қанша уақыттан бері ертең, арғы күні береміз деп келе жатыр. Жалақы әлі алған жоқпыз. Компаниядан зейнетақы қорыма, медициналық сақтандыруға бір тиын да түспеген. Айлықтан оны ай сайын ұстап қалады», - дейді жұмысшылардың бірі.

Ал Ақтөбе облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік инспекторы Аслан Махатов мекемеге айыппұл салып, тиісті нұсқама берілгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары