$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 11:13
Жаңалықтар

Қазақстанда интернет жұмысы қашан қалпына келеді

Жауапты министрлік кибер оқу-жаттығулардың не себепті демалыс күндері басталғанын айтты

Қазақстанда интернет жұмысы қашан қалпына келеді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов киберқауіпсіздік бойынша оқу-жаттығулардың қандай мақсатта өткізілгенін және интернетке қолжетімділік қашан қалыпты жағдайға келетіні туралы айтты. Спикердің сөзінше, бұл оқу-жаттығулар қазақстандықтар үшін қолайсыздықтар туғызбас үшін демалыс күндері қасақана өткізілген.

«Оқу-жаттығулар жоспарлы сипатқа ие. Олар «Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданған 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Бір айта кетерлігі, биыл олар ауқымды сипатқа ие. Бұл біздің еліміздің тарихында алғаш рет мемлекеттік органдар, ҰҚК және кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының әріптестері қатысатын шара», – деп түсіндірді Руслан Әбдіқалықов.

Сондай-ақ, комитет төрағасы аталған жағдайда КШТТО шабуылшы нысан рөлін атқарғанын, ал мемлекеттік органдар мен ұлттық ақпараттық қауіпсіздік орталығы процеске көз жеткізу үшін дәстүрлі қорғаушы рөлін атқарғанын атап өтті.

«Оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбей отыруға болмайтын еді. Олар өте маңызды. Бүгін бәрі қалыпқа келеді», - деп уәде берді ол.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары