05.12.2020, 17:48
Жаңалықтар
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы спортшының Instagram-парақшасында жазылған
Қазақстандық ауыр атлет Ильин Илья ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшының Instagram-парақшасында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Илья Александрович Ильин ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалған.
Еске салайық, биылғы қыркүйек айында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған еді.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді