Намибия билігі пілдерді аукционға қойып сата бастады

170 жабайы піл сатылымға шығарылды

Намибия билігі пілдерді аукционға қойып сата бастады
Фото: ашық дереккөзден

Намибия жеріндегі құрғақшылық пен піл санының өсуіне байланысты, бұл мемлекеттің билігі жануарларды сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мұндай ерекше хабарландыруды Намибияның Қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және туризм министрлігі таратты.

«Известия» басылымы атап өткендей, аукционға ел ішінен де, одан тыс жерлерден де азаматтар қатыса алады.

Бастысы, сатып алушының жануарларды ұстауға барлық жағдайы бар екенін дәлелдейтін құжаты болуы керек. Ал шетелдіктер кедендік құжаттарды ұсынуы тиіс.

Өкінішке қарай, Намибия мұндай проблемаға тап болған жалғыз ел емес. Мысалы, Ботсванада пілдерді Анголаға көшіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 

Зерттеудің соңғы нәтижелері бойынша жер жүзінде шамамен, 500-600 мың африкалық піл қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.