04.12.2020, 09:32
Жаңалықтар
Коронавируспен ауырып жатқан 229 адамның жағдайы ауыр - Денсаулық сақтау министрлігі
29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 мың адам ем алуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 4 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елімізде 14 000 адам COVID-19 вирусынан ем алып жатыр.
«Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 34 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды