$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2020, 03:28
Жаңалықтар

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады

 

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Pixabay

Бейсенбі күн еліміздің кей өңірінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар түрінде жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ республиканың батысында күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады.

Сонымен атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерде тұман түседі, боран соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Желдің екпіні - 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары