3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бейсенбі күні республикамыздың кей өңірінде қар жауады
Синоптиктер бейсенбі, яғни 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың кей аумағында қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.
Атап айтқанда, Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.