«Барыстың» ең қымбат хоккейшісі жылына 420 млн теңге табыс табады

Құрлықтық хоккей лигасының ең көп табыс табатын ойыншыларының рейтингі жарияланды

«Барыстың» ең қымбат хоккейшісі жылына 420 млн теңге табыс табады
Фото: barys.club

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының ең көп табыс табатын ойыншыларының рейтингін жариялады. Олардың арасында «Барыс» капитаны Даррен Диц те бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг жасау барысында басылым жылына 45 миллион рубльден көп табыс табатын ойыншыларды тізімге енгізген.  

15 орынның ішінде 9-шы орынды барыстық Диц пен өзге де алты хоккейші иеленген екен. Осылайша, Даррен Дицтің жылына 420 миллион теңге табатыны белгілі болды.  

Ең қымбат ойыншылар тізімін мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Шипачев бастап тұр. Ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) табыс табатын көрінеді. 

Айта кетсек, 27 жастағы Даррен Диц – Канадада туып-өскен қазақстандық хоккейші, «Барыс» хоккей клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

 
 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.