$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2020, 03:18
Жаңалықтар

2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

 Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com

2 желтоқсан күні фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерінде – аздаған қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы ықтимал. 

Алматы облысының кей аумағында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.

Серіктес жаңалықтары