01.12.2020, 11:57
Жаңалықтар
Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр – ДСМ
Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Олардың арасында 912 бала бар.
«Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды