$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2020, 12:22
Жаңалықтар

Өткен аптада 66,3 млн теңгенің медициналық жабдықтары шетелге өткізілмек болған

Сондай-ақ шекарада Ресейде ұрланған көлік ұсталды

Өткен аптада 66,3 млн теңгенің медициналық жабдықтары шетелге өткізілмек болған
Фото: баспасөз қызметінен

Өткен бір аптада Қазақстан аумағынан шетелге өткізілмек болған жалпы құны 66,3 млн теңге болатын дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар тәркіленді. Сондай-ақ шекарада Ресейде ұрланған көлік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 23 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде жалпы сомасы 1 550 000 теңгеге 3 100 дана медициналық қорғаныш костюмдерін шығарудың жолын кескен.

24 қарашада Қостанай облысында «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде Ресейдің «АВТО-ТЕК» Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығына тиесілі машина ұсталды. Көлікте жалпы сомасы 7 750 000 теңгеге 600 дана обаға қарсы костюмдер пошта жүктерінің астына жасырылғаны анықталды.

Бұдан бөлек, 28 қарашада Ресей Федерациясында ұрланған «DATSUN ON-DO» маркалы көлік Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктінде ұсталды. Автомобиль ҚР азаматының басқаруындағы «ГАЗель» эвакуаторлық көлігінде болған.

29 қарашада Қостанай облысы аумағындағы «Аят» өткізу пунктінде «Алматы-Челябі» бағытындағы «ГАЗель» автокөлігін тексеру барысында әртүрлі атаудағы дәрі-дәрмектер салынған қораптар (91 атау), қорғаныш маскалар (2640 дана) және жалпы салмағы 1 мың келіге жуық медициналық қолғаптар (1700 дана) табылды. Заңсыз жүк жабдықтар салынған жәшіктердің артына жасырылған. Тауарлардың құны шамамен 45 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ 30 қарашада «Сырым» өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) 12 млн теңге сомасына 800 дана пульсоксиметрлер табылып, ұсталды. ҚР азаматы жүкті елден шығаруға тырысқан. Ұсталған көлік пен жүктер уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ҰҚК