ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1-2 желтоқсан күндері республиканың кей өңірінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 1 желтоқсан күні Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында күндіз шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 1-2 желтоқсанда тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.