$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 17:52
Жаңалықтар

Қаржы реттеушісі «Банк ВТБ Қазақстан» мен «Freedom Finance» АҚ-ға қатысты шара қабылдады

Әкімшілік құқықбұзушылық үшін «Freedom Finance» АҚ-қа айыппұл салынды

Қаржы реттеушісі «Банк ВТБ Қазақстан» мен «Freedom Finance» АҚ-ға қатысты шара қабылдады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазан айында жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша коммерциялық банкке және инвестициялық компанияға қатысты шаралар қабылдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тексеру Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР облыс орталықтарында жүргізілді.

«Банк ВТБ Қазақстан» АҚ-қа қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша өз қызметтері туралы жарнамада лицензия берген органның атауын дұрыс көрсетпегені, сондай-ақ жарияланымдарында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпараттың болмағаны үшін ұсынымдық сипаттағы қадағалап ден қою шарасы қабылданды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, қаржы реттеушісі Fixed Income аралық инвестициялық пай қорының қызметі туралы толық емес және шатастыруға әкеп соғатын ақпарат таратуда көрініс тапқан әкімшілік құқықбұзушылық үшін «Freedom Finance» АҚ-қа айыппұл салды. Аталған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік Әкімшілік кодекстің 265-бабының 2-бөлігінде көзделген.  

Айта кетерлігі, Қазақстанның сақтандыру нарығы бойынша жарнама материалдарында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сондай-ақ жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан түскен өтініштер ескерілді. Сонымен қатар, банктердің сайттары, әлеуметтік желілердегі аккаунттары және мобильдік қосымшалары тексерілді, теле, радиоарналардағы, қоғамдық көліктердегі, мерзімді баспа басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама бақыланды.

Серіктес жаңалықтары