30 қараша күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні тұман, көктайғақ, қатты жел болады
30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күшейіп, елімідің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қкзгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз – көктайғақ.
Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.