29.11.2020, 13:55
Жаңалықтар
Кім мықты: әйгілі Тайсон мен Джонстың жекпе-жегі өтті
Аты аңызға айналған боксшылар өзара күш сынасты
© REUTERS / Lynn Millspaugh
Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында аты аңызға айналған америкалық боксшылар Майк Тайсон (50-6, 44 KO) мен кіші Рой Джонс (66-9, 47 KO) арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылған сегіз раундқа есептелген еді. Екі боксшы да аяғына дейін жұдырықтасты. Тайсон барлық раундта да басым болғанымен, төрешілер тең нәтиже тіркеді», - делінген хабарламада.
Жекпе-жекке дейін Тайсон мен Джонс VADA-дан «Таза бокс» бағдарламасы аясында допинг-тестілеуден өтті.
Майк Тайсон рингке соңғы рет 2005 жылы шығып, Кевин Макбрайдтан ұтылған еді. Рой Джонс соңғы рет кәсіпқой боксқа 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)