$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2020, 02:46
Жаңалықтар

Қызылорда облысында мұғалімдерге еңбек демалысына шыққанда берілетін ақша толық төленбей келген

Республика бойынша мұғалімдерге 653 млн теңге қайтарылды

Қызылорда облысында мұғалімдерге еңбек демалысына шыққанда берілетін ақша толық төленбей келген
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №42 мектептің мұғалімдеріне еңбек демалысына шыққанда берілетін ақша толық көлемде төленбей келген. Жалақы өссе де, ұстаздар 2 жыл бойы өздеріне тиесілі қаржыны тек бұрынғы еңбекақының мөлшерінде ғана алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақыры салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы есесі кеткен педагогтарға жалпы құны 190 млн-дай теңгені өндіріп берді.

Тұтас ел бойынша І жартыжылдықта салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мұғалімдерге 653 млн теңгеден аса қаржы өндіріп берген. Тек алғашқы алты айдың өзінде кәсіподақ өкілдері білім беру саласында 1000-нан аса заңбұзушылықты анықтады.

«1093 заңбұзушылық анықтадық. Осы заңбұзушылықтардың ішінде ең көп орын алатын деректер: ұстаздарға жалақыларын дұрыс есептеп төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару. Мұғалімдерді қызметінен заңсыз босатайын деп тұрған біз, кәсіподақ өкілдері, араласып, осындай заңбұзушылыққа жол бермейміз», - дейді қазақстандық Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева.

Серіктес жаңалықтары