ШұғылБір аптада коронавирустан 73 қазақстандық қайтыс болды

Ақтөбе облысында үш бағыттағы республикалық жол ақылы болады

Жүргізушілер келесі жылдан бастап тиісті төлем жасауға міндеттеледі

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе мен Орал арасындағы және Ақтөбе - Қарабұтақ - Ырғыз арқылы Қызылорда бағыты мен Ақтөбе - Мәртөк - Орынбор тас жолдарымен жүретін жүргізушілер келесі жылдан бастап тиісті төлем жасауға міндеттеледі. Қазір өңірде бұл мәселеге қатысты қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр. деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы алдағы жылдан бастап республикалық 3 жол ақылы жүйеге көшеді. Жоба бойынша ақылы жүйеге өткен жолдардың сапасы әрдайым назарда болады. Жаз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қыс кезінде қардан тазалап отыратын арнайы мекемелер де бекітіледі. Тестік режимде жол қозғалысын қадағалайтын 9 кешенді бейнебақылау құрылғысы орнатылды.

Айта кету керек, ақылы жүйе тек жүк көліктеріне ғана тиесілі болмақ. Ал жеңіл автомобиль иелері Ақтөбе облысындағы республикалық жолдармен тегін өтеді.

«Жүк көліктерінен түскен қаржы ол біздің «Қазавтожол» ұлттық компаниясының тарапынан бақыланады. Және кез келген жүргізуші өзінің төлеген ақысы қайда кетіп жатырғандығы мәліметті біздің министрліктен және «Қазавтожол» ұлттық компаниясының сайтынан және 1403 телефоны арқылы кез келген уақытта біле алады», - деді «Қазавтожол ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Айбол Данағұл.