1 желтоқсанда астанада жастарға арналған жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталады
Құжат 6 желтоқсанға дейін қабылданады
1-6 желтоқсан аралығында «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжат қабылдана бастайды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» мекемесі мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Құжат қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 1-6 желтоқсан
2020 жылға арналған пәтер саны: 350
Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй
Тұрғын үй ұзарту құқығынсыз, 5 жылға беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 - 15 000 теңге; Құжат қабылдау көрсетілген кезеңде («жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі») тек электронды түрде astana.gov.kz сайты арқылы жүргізіледі.
Сіз өтінім бергеннен кейін көрсеткен телефон нөміріңізге өтініміңіздің мәртебесі бар смс-хабарлама жіберіледі. Өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланады. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін).
Шарттары:
- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілетін растау (ай сайынғы табыс - минимум 111 120 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК.