28.11.2020, 22:29
Жаңалықтар
Жамбыл мен Түркістан облысының шекарасында 100-ге жуық жүк көлігі өте алмай тұр
Жолды қалың қар басқан
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл мен Түркістан облысының шекарасындағы жол учаскесінде 100-ге жуық жүк көлігі жиналып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысының ТЖД-на сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда Түркістан облысы жағынан 585 шақырым жерде 200 метрге жуық жерді қалың қар басып қалды. Ал Жамбыл облысы бағытының 564-567 шақырымында 100-ге жуық жүк көлік жолдың аталған бөлігін тазартуды күтіп тұр. Жүк көліктерінің жиналуына осы аумақта 6 жеңіл көліктің соқтығысуы себепші болды», - делінген хабарламада.
Аталған учаскелерде ТЖ департаментінің және жол қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды