$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 21:27
Жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда қалың қар жауып, боран соғады

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу боран соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары