Атырауда полицейлерді балағаттаған тұрғын айыппұл төлейді
Наркологиялық сараптама бойжеткеннің орташа дәрежеде ішімдік ішкенін анықтады
Атырауда әлеуметтік желіде тікелей эфирде отырып патрульдік полицияны балағаттаған тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Кейіннен, наркологиялық сараптамада бойжеткеннің орташа дәрежеде ішімдік ішкенін анықтады. Кейін тұрғын полиция бөлімінде кешірім сұрады.
«Құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Кейін сот шешіміміен оған ескерту берілді. Ал, көлігіне ксенон лампасын таққан жүргізушіге қатысты да ӘҚБтК хаттама рәсімделіп, 27780 теңге айыппұл салынып, көлігі тұраққа қойылды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.