25.11.2020, 12:29
Жаңалықтар
«Пандемиядан кейін кездесіп, құшақтасып, шүйіркелесетін болайық» – Елбасы
Елордада«Nur Otan партиясының XX съезі өтіп жатыр
Фото: akorda.kz
Nur Otan-ның XX съезіне қатысып жатқан партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустық пандемия салдарынан осынау жиынды қашықтан өткізуге мәжбүр болғанын айтты.
Еске салайық, съезд жұмысына өңірлердегі партия мүшелері мен журналистер онлайн қосылды.
«Қазақта жүре берсең, көре бересің деген сөз бар. Съезді қашықтан өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Осындай заманға тап келдік. Бұл да ертең есте қалатын бір оқиға болады. Осы жағдайдан кейін кездесіп, шүйіркелесіп, құшақтасатын болайық», - деді Елбасы.
Съезд барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Қазақстан-2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
28.06.2026, 10:38
Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, отқа оранды