ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған жігіт 3 жылға сотталды

Қыздың анасы арызын қайтарып алса да, жігіт сотталып кетті

Фото: ашықдереккөзден

Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған 17 жастағы бозбала сотталды. Оған, «Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды» деген айып тағылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот шешімімен 17 жастағы студент 3 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Енді ол қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болды. 

Естеріңізге сала кетейін. оқиға осы қыркүйек айында белгілі болған. Заңды некеге тұра алмағандықтан 17 жастағы жігіт 15 жастағы қызымен бірге үйлерінен қашып кеткен.

Алаңдаушылық танытқан қыздың анасы арыз жазған. Нәтижесінде жігіт ұсталып істі болды. Кейін ол арызын қайтарып алып, тіпті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Дегенмен, бала бәрібір, 3 жылға сотталып кетті. 

Тегтер: