Түркістан облысында карантинде көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Көкпарға 60-тан аса адам жиналған
Отырар ауданының полицейлері карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, көкпар ұйымдастырған тұрғынды анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Қарғалы ауылдық округіне қарасты Қанттоғай аумағында жергілікті тұрғын көкпар берген. Мобильдік топ шараға жиналған адамдарды таратты. Тәртіп сақшылары көкпарға қатысқандарға түсіндіру жүргізді. Сондай-ақ 60-тан астам адамды жинап, көкпар ұйымдастырған азамат жауапқа тартылды.
Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 425-бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.