$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 12:04
Жаңалықтар

Тоқаев Алматыдағы оталған ағаштарға қатысты кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды

Алматы қаласы әкімдігі аталған жағдайға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді

Тоқаев Алматыдағы оталған ағаштарға қатысты кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды
Фото: facebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желі белсенділері Алматы қаласы Төле би көшесінде орналасқан Sulpak дүкені алдында өсіп тұрған 9 емен мен 2 қарағашты бірнеше сағатта жоқ қылғанын, Жароков пен Әуезов көшелерінің арасында бірде-бір ағаш қалмағанын жазды.

Серіктес жаңалықтары