ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Маңғыстауда карантин уақытында теңіз арқылы 4,5 млн тонна жүк тасымалданған

Карантин уақытында теңіз қақпасы арқылы алыс-беріс тоқтаған жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов ОКҚ алаңында өткен кездесуде карантин уақытында теңіз арқылы 4,5 млн тонна жүк тасымалданғанын мәлім етті.  Карантин уақытында шекара арқылы тауар тасымалында қиындық туды. Алайда, теңіз қақпасы арқылы алыс-беріс тоқтаған жоқ. Керісінше, байланыс жандана түсті. Ақтау, Құрық теңіз және Солтүстік терминал порттары арқылы 10 айда жүктерді ауыстырып-тиеу көлемі 4,5 млн тоннаны құрады. 

«Құрық порты арқылы  – 1 352 мың тонна,  Ақтау теңіз порты – 2 581 мың тонна Солтүстік терминал арқылы  – 544 мың тонна жүк тасымалданған. 10 айда фидерлік жүктерді ауыстырып тиеу 10 611 контейнерлік бірлікке жетіп (жиырма футтық эквивалент), өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе өскен. 

Әуе жолы арқылы сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету мақсатында Үкіметтің қолдауымен «FlyArystan» компаниясы «Ақтау-Алматы», «Ақтау-Нұр-Сұлтан», «Ақтау-Шымкент», «Ақтау-Атырау», «Ақтау-Қарағанды», «Ақтау-Орал» 6 бағыт бойынша жаңа рейстерін ашты», - деді ол. 

Бұдан бөлек, Ақтауда ондаған жылдар бойы шешімін таппаған мәселенің бірі – қоғамдық көліктердің жағдайы еді. Биыл қаладағы автобус парктерін жаңарту үшін 216,5 млн теңге бөлініп, отандық 18 автобус сатып алынды. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасады.