$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2020, 15:02
Жаңалықтар

Маңғыстауда 17 мың кәсіпкер салық төлеуден босатылған

Шағын және орта бизнеске қатысты 756 жоба мемлекеттен қолдау тапқан

Маңғыстауда 17 мың кәсіпкер салық төлеуден босатылған

Пандемия кезінде Маңғыстау өңірінде 17 мың кәсіпкер салық төлеуден босатылған. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Трұмов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Президент жүктеген міндеттердің бірі – кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу. Бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі – 31,8%. Маңғыстаулық кәсіпкерлер ІІ тоқсанда 17,6% өсім көрсетіп, 692,6 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бүгінде шағын және орта бизнеске қатысты 756 жоба мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдаланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен салыстырғанда 2 есеге артық. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 312 жобаға 51,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 1300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3070 жұмыс орны сақталды. Былтырмен салыстырғанда қолдау тапқан жобалар саны 1,7 есеге артты. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1,6 млрд теңге көлемінде 317 шағын несие беріліп, 399 жұмыс орны құрылды. Қарапайым заттар экономикасы аясында жеңілдетілген несие алуға құны 71,5 млрд теңгенің 101 жобасы мақұлданды», - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Биыл 548,7 млн теңгені құрайтын 26 жоба қаржыландырылып, 128 жаңа жұмыс орны құрылған. Бағдарлама басталғалы 2,9 млрд теңгенің 149 жоба мақұлданып, 1 126 жаңа жұмыс орны ашылған.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары