Соңғы тәулікте коронавирустан 7 адам қайтыс болды
Коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ

Өткен тәулікте 716 адам COVID-19 вирусын жұқтырды, 44 адам пневмонияға шалдықты. Қазақстанда сондай-ақ, бір тәулікте жеті адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
Қазір коронавирус инфекциясынан 11 386 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 200 адамның жағдайы ауыр, ішінде 30 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы 126 182 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 990 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бері 41 203 адам пневмонияға шалдықты, 427 адам қайтыс болды.