$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2020, 05:36
Жаңалықтар

Оралда карантин кезінде 80-нен астам адам жиналған түнгі клуб анықталды

Полициядан қашқан кейбір келушілер әжетханаға тығылған

Оралда карантин кезінде 80-нен астам адам жиналған түнгі клуб анықталды
Фото: видеокадр

Оралда полиция қызметкерлері мониторингтік топ мүшелерімен бірге түнгі клубта 80-нен астам адамның демалып жатқанын анықтады, деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«ФСБ» түнгі клубында сағат 22.42-ден кейін де мұнда көп адамның көңіл көтеріп жүргені әшкереленді. Жауапкершіліктен қашпақ болған кейбір келушілер тіпті әжетханаға тығылды. Соның ішінде біреуі әжетхана ішінде қабырғадағы тесікке жасырынып, өзін тақтаймен жаппақ болғанымен, тәртіп сақшыларынан құтыла алмады», - деп жазылған хабарламада.

Түнгі клубта болған 80-нен астам адамның бәріне әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ нысанның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабына сәйкес хаттама түзілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #карантин