ШұғылБір аптада коронавирустан 73 қазақстандық қайтыс болды

Түркістан облысында үш күнде 20-дан астам мас жүргізуші ұсталды

Үш күнде 3715 жол қозғалысы ережесін бұзу жайты тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында рульге мас халде отырған 21 жүргізуші ұсталды. Өңірдің тәртіп сақшылары үш күн бойы жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылап, 3715 жол қозғалысы ережесін бұзу жайтын тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Аталған шараға патрульдік полицияның 500-ден астам қызметкері мен учаскелік инспекторы, басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Рейд барысында жол ережесін өрескел бұзған 122 қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Жылдамдықты шектен тыс асырған 92 жүргізуші мен жолдың қарсы бетіне шыққан 18 тұрғынға хаттама толтырылды», - деп жазылған хабарламада.

Бұдан өзге, 628 адам жол қозғалысы ережесін бұзып, қауіпсіздік белдігін тақпағаны, 235 адам көлік басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін айыппұл төлейтін болды. Көлік құралын басқару құқығы жоқ 366 жүргізушіге және жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған 71 жүргізушіге тиісті шара қолданылды.