22 қараша күнгі ауа райы болжамы
Жексенбі күні республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
22 қараша күні солтүстікте және батыста күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте және шығыста жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысында – көктайғақ болады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында түнде – көктайғақ, Атырау облысында – тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуы ықтимал.