ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

СҚО полицейлері жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды

Соңғы екі күнде облыста 1,2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 18 қарашадан бастап күніне 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өңірде күздің соңғы айының қыстан айырмашылығы жоқ: қар, көктайғақ және тұман. Синоптиктер ауа-райының нашарлайтынын хабарлауда. Осыған орай полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Мұндай ауа райы жағдайында жол жүру қауіпті екенін түсіндіріп, қарлы боран мен көктайғақ кезінде өте сақ болуға шақыруда. Қысқы дөңгелектегі, тежегіштегі ақау, жылдамдықты асыру және арақашықтықты сақтамау - автокөлік жүргізушісіне орны толмас қайғы әкелуі мүмкін», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, облыс жолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық және 10-ы облыстық маңызы бар жолдарда жүр. Соңғы екі күнде 1,2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Соның ішінде 232 оқиға жаяу жүргіншілер жолағында болған.