ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі талқыланды

Отырыс жұмысы бейнеконференция режимінде өткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда еліміздің Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Отырыс жұмысы бейнеконференция режимінде өткізілді.

«Отырыста трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шаралар қарастырылды, сондай-ақ 2021 жылға арналған ССҰД жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар әзірленді», - делінген таратылған ақпаратта.

Қатысушылармен өнеркәсіптік авариялардан судың ластануын болдырмау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктері және Су мен денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде орындалатын іс-шараларға ерекше назар аударылды.