$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 14:32
Жаңалықтар

ШҚО-дағы экологиялық мәселені шешуге 50 млрд теңгеден аса қаржы керек – Даниал Ахметов

Өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге соңғы жылдары 35 млрд теңге жұмсалған

ШҚО-дағы экологиялық мәселені шешуге 50 млрд теңгеден аса қаржы керек – Даниал Ахметов
Өскемен қаласы, фото: ustinka.kz

ШҚО-дағы экологиялық проблеманы шешуге 50 млрд теңгеден аса қаражат қажет. Бұл туралы облыс әкімі ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Облыста ел тәуелсіздігіне дейін болған экологиялық мәселелер әлі де оң шешім таппай келеді. Дегенмен, бұл проблемамен күресуге бірнеше миллиард теңге бөлінген.  

«Өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге соңғы жылдары 35 млрд теңге жұмсалды. Бұл экологиялық залал көлемін 10 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, «Казцинк» кәсіпорны соңғы 15 жылдың ішінде өндіріс қалдығының көлемін 41,7 мың тоннаға дейін азайтты», - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысы кешенді бағдарлама әзірленіп жатқынын хабарлады. Экологиялық кодекстің жаңа нұсқасы өндіріс ошақтарының жұмыс жүйесіндегі нормаларды заң аясында өзгертуге мүмкіндік бермек.

«Еуропаның тиімді тәжірибесін жүзеге асырамыз деген ойдамын. Сондықтан заң жобасына өзгерістер енгізу керек. Біз әзірленген бағдарлама шеңберінде ең бірінші Өскемен қаласының экологиялық мәселесі шешілетін болады. Өйткені, облыс орталығының экологиялық жағдайы өте төмен», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов жаңа бағдарламағаны жүзеге асыруға алдын ала болжам бойынша 50 млрд теңгеден аса қаражат кететіндігін мәлімдеді.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары