$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 13:42
Жаңалықтар

Бизнесті заңсыз тексерген 48 лауазымды тұлға жауапқа тартылды – Бас прокуратура

Қазақстанда шағын бизнес пен микрокәсіпкерлікті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізілген

Бизнесті заңсыз тексерген 48 лауазымды тұлға жауапқа тартылды – Бас прокуратура
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет жыл басынан бері 170 тексеруді тіркеуден бас тартты, оның ішінде шағын бизнесті тексерген 52 жағдай бар.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент жарлығымен Қазақстанда шағын бизнес пен микрокәсіпкерлікті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізілді.

Мораторийға қарамастан, мәселен, Алматы қаласы Алатау ауданының санитарлық бақылау органдары «Жан бөпе» ЖШС-нің қызметін тексерген. Комитет кәсіпкерлік субъектілеріне енетін тексеруді тіркеуден бас тартты.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «EMARAT» ЖШС-іне қатысты негізсіз тексеруді тағайындауға тырысқан. Лауазымды тұлғалар Әкімшілік кодекстің 175-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратура заңсыз тексеруге тап болғандарды шағымдануға шақырды. Кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті жолға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын тексере алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректер шығады. Егер ақпарат болмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген, яғни ол – заңсыз.​

Серіктес жаңалықтары