$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2020, 15:16
Жаңалықтар

Шымкентте Самал-3 шағынауданы тұрғындарының шағымы бақылауға алынды

Ізгілік көшесіне ирригациялық жүйе орнату 2021 жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі

Шымкентте Самал-3 шағынауданы тұрғындарының шағымы бақылауға алынды
Көрнекі фото: otyrar.kz

Шымкент қаласы, Самал-3 елдімекені, Ізгілік көшесінің тұрғындары «Nur Otan» партиясына шағымданып, көшелердің бойында ирригациялық жүйе (каналдар мен құбырлар) болмауына байланысты жауын-шашыннан кейін су алып кететінін айтқан.

Партия филиалы тарапынан Самал-3 шағынауданы Ізгілік көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен арнайы кездесу  өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Ж.Сыдықов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Абай ауданы әкімдігі мен қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің және жергілікті ауыл биі Исмайлов Бекайдар және елдімекен тұрғындары қатысты.

Зерделеу нәтижесі бойынша аталған көше бойына ирригациялық арық орнату қажеттілігі анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан төмендегідей ұсыныс берілді:

  • Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Абай ауданы әкімдігі бірлесіп, Ізгілік көшесіне ирригациялық арық орнату жұмыстарын 2021 жылдың жұмыс жоспарына енгізуді;
  • Ағымдағы жылы су жиналуды болдырмау мақсатында бос жер телімі арқылы уақытша арық қазу жұмыстарын ұйымдастыруды 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қарастыруды тапсырды.

Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуы бойынша тиісті жұмыс қараша айының соңына дейін атқарылады.

Тапсырманың толық орындалуы қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссиясының бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Nur Otan #Шымкент