«Ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті»: Серік Сәпиев әкесінің қазасы жайлы
Жұманғали Дәуітұлы 75 жасында өмірден озды
Бокстан 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев әкесінің қазасына ортақтасқандарға алғысын айтты.
«Әкемнің казасына ортақтасқандарға шын көңілден алғысымды айтамын. Әкем Жұманғали Дәуітұлы 75 жасында өмірден озды. Қарағанды облысының көмір бассейнінде 35 жылдан аса жұмыс істеді. Құрметті шахташы деген атағы бар. Әкем ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті», - деп жазды Серік Сәпиев.
Еске сала кетейік, 18 қарашада Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі даңқты спортшының әкесі қайтыс болғанын хабарлап, Серік Сәпиевтің отбасына көңіл айтты.
Серік Сәпиев 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, 2019 жылдан бастап комитет басшысы болып қызмет атқарды. 21 тамызда Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты 4 айға еңбек демалысын алғанын хабарлады.