Елімізде 986 оқушы коронавирус жұқтырған
Сондай-ақ кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелген
Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміз бойынша 986 оқушының коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің мәліметінше, 2020 жылғы 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін Қазақстанда 986 оқушы КВИ жұқтырған, кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелген. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.
«Онлайн оқитын оқушылар арасындағы сырқат деңгейі жоғары – 698 бала. Оқу жылының басында қалыпты режимде оқуға шектеу қойылды, соның арқасында 6 мыңнан астам баланың індет жұқтырған оқушылармен байланысын және 600 жуық коронавирус инфекциясы жағдайының алдын алдық», – деді А. Цой.