15.11.2020, 00:57
Жаңалықтар
Алматыда қару-жарақ жасайтын цех анықталды
Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда ірі операция нәтижесінде қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақзат ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды»,- деп жазылған хабарламада.
Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жарақтарға баллистикалық сараптама тағайындалды
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
