Жаңа туған сәбилерге туу туралы куәлік берілмей жатқанына екі ай болған
Түркістанда жаңа туған сәбилерге туу туралы куәлік берілмей жатқанына екі ай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасар.
«2020 жылдың 9 айында 48 242 нәресте дүниеге келген. Ал 2019 жылдың 12 айын алатын болсақ, 36 мың 242 нәресте дүниеге келді. Яғни, былтырмен салыстырғанда 12 мың нәрестеге көбейген. Осыған байланысты туу туралы куәліктер жетіспей тұр. Бұл бланкілер ҚР Ұлттық банк банкнотында дайындалады. Алайда, алдыңғы жылмен салыстырғанда туу көрсеткішінен көбюіне байланысты жетпей қалды. Алдағы уақытта жеткізіледі», - деді Түркісан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдос Тоғызбаев.