$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 22:56
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімдігі 20 млн теңгеге екі автокөлік сатып алмақ

Әкімдік жол талғамайтын көліктерге тапсырыс беріп қойған

Атырау облысының әкімдігі 20 млн теңгеге екі автокөлік сатып алмақ
Фото: ашық дереккөзден

Пандемия кезінде Атырау билігі миллиондар жұмсап, жол талғамайтын екі көлік сатып алмақ. Мемле кеттік сатып алу порталында тараған ақпаратты облыс әкімдігіндегілер растап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық бюджеттен 20 миллион теңге осы мақсатқа бөлініпті. Сондай-ақ, темір тұлпарлардың түсі міндетті түрде қара болуы шарт. Әрі шенеуніктер зауыттан биыл ғана шыққан автокөлікке тапсырыс берген.

«Бұл көліктер Атырау шұғыл штабының жедел топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін сатып алынбақ. Автокөліктерді сатып алуға облыстық мәслихаттың шешімімен қаражат бөлінген. Және де бұл отандық марка», - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Атырау облысының әкімдігі ел Президентінің бір емес, бернеше рет қазына қаржысын үнемдеуге шақырған үндеуін ескердік дейді. Сол үшін отандық автокөлікке тапсырыс бердік деп отыр.

Серіктес жаңалықтары