Павлодар облысындағы блок-бекеттер электронды жүйеге көшеді
Блок-бекеттер қағаз анықтамаларды қабылдауды тоқтатады
14 қарашадан бастап блок-бекеттер қағаз анықтамаларды қабылдауды тоқтатып, Pvlinfo.kz порталынан полицейлердің планшеттеріне түсетін деректерге сүйенетін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда бекеттерден 100 мыңнан астам адам өтіп, екі мыңға жуық адамға кіруге және шығуға тыйым салынған. Облыс әкімінің орынбасары 14 қарашадан бастап блок-бекеттер Pvlinfo.kz порталында ресімделетін электрондық анықтамалар жүйесіне көшетінін айтты. Полиция қызметкерлері мұндағы деректерді планшет арқылы алатын болады.
«Қағаз анықтамаларды алып тастағаннан кейінгі алғашқы күндері барлық бекеттердің жұмысын мұқият бақылау қажет. Еш жерде, әсіресе қарбалас уақытта кептеліс болмауы тиіс. Жергілікті жерлердегі басшылар мұны міндетті түрде қадағалауы тиіс»,- деп атап өтті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.