$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 21:03
Жаңалықтар

Алматыда 150 адамға той өткізген мейрамхана жұмысы тоқтатылды

Сонымен қатар келушілер саны 50 пайыздан асып кеткен сауна тіркелді

Алматыда 150 адамға той өткізген мейрамхана жұмысы тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 150 адамға той өткізген мейрамхана жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазір аудандағы мониторинг топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар өткен түнде 59 нысанды тексерді. Тексеріс кезінде 51 нысан жабық болған, ал 8-інде заңбұзушылық тіркелді. Мейрамхана, компьютерлік клуб сияқты 5 нысанның жұмысы бірден тоқтатылып, келушілер шығарылды. Сонымен қатар, келушілер саны 50 пайыздан асып кеткен сауна тіркелді. Бұдан бөлек 150 адам жиналып, қыз ұзату жасап жатқан «Хан сарайы» мейрамханасының жұмысы тоқтатылды», - деді Жанар Сәдуақасова.

Оның айтуынша, 8 қарашадан бері 384 нысанды тексеріп үлгерген. Нәтижесінде 57 нысанның карантин ережелерін бұзғаны анықталған. Ол бойынша 7 хаттама толтырылып, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары