12.11.2020, 21:54
Жаңалықтар
БҚО-да жол апатынан бір күнде үш адам қаза тапты
Облыста алғашқы қар түсіп, жол-көлік оқиғалары көбейді
Фото: баспасөз қызметінен
Батыс Қазақстан облысында бір күнде жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Кеше алғашқы қар түсіп, қолайсыз ауа райы салдарынан жол-көлік оқиғалары көбейді. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы маңында 30 жастағы жүргізуші «Ауди» автокөлігінің рөліне ие бола алмай, аударылып қалды. Соның салдарынан осы көлікте болған 30 жастағы екі адам көз жұмды. Жарақат алған жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар 57 жастағы жүргізуші айдаған «Лада Калина» автокөлігі «Кублей» ЖШС тұсындағы айналма жолда жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды