$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 09:31
Жаңалықтар

Қостанай облысында карантин күшейтілді

Қаулы 11 қарашадан бастап күшіне енді

Қостанай облысында карантин күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло карантин шараларын қатаңдату туралы қаулыға қол қойды. Құжат 11 қарашада күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулыға сәйкес, адамдар автокөлік өткелдерінде мемлекеттік шекараны кесіп өткенде коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама көрсетуге міндеттелді. Оның мерзімі үш тәуліктен аспауы керек. Бес жасқа дейінгі балалар үшін анықтама талап етілмейді.

Жүк тасымалын орындайтын және Қазақстан арқылы транзитпен өтетін жүргізушілердің дене қызуы өлшеніп, анкета толтырады. Сондай-ақ, облыста такси қызметінің жұмысы 22.00-ден 06.00-ге дейін шектелді.

СПА-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараздарға 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жексенбі күні олар жабық болады. Супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері кешкі 21.00-ге дейін істейді. Дәріханалардың жұмысына шектеу қойылмайды.

Жасы 65-тен асқан азаматтарға алғашқы қажеттілік тауарларын жеткізу үшін еріктілердің жұмысын жандандыру тапсырылды. Полиция түрлі бұқаралық шаралар, соның ішінде той-томалақ жасауға жол бермеу және оларды анықтау жұмысын жалғастыруы тиіс.

Серіктес жаңалықтары