Қостанай облысында өртеніп кеткен аурухана пациенттері мектеп ғимаратына көшірілді

Аурухананы қалпына келтіру жұмыстары басталды

Қостанай облысында өртеніп кеткен аурухана пациенттері мектеп ғимаратына көшірілді
Фото: баспасөз қызметінен

Қостанай облысында өртенген аурухананы қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта аурухананы қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ғимаратта болған 49 науқас шұғыл түрде Федоров ауылындағы № 1 орта мектебінің жанындағы интернат ғимаратына көшірілді. Шұғыл көмекке мұқтаж 6 адам Қостанай қаласына арнайы көлікпен жіберілді. 5 адам мектеп жанындағы интернатқа эвакуацияланды.

«Қазіргі уақытта Федоров ауылындағы №1 орта мектеп жанындағы интернат ғимаратында жедел жәрдем көрсету пункті ашылды. Төтенше жағдай туындап, денсаулығыңыз нашарлаған жағдайда 103 немесе 34279 телефондарына қоңырау шалу қажет. Барлық науқастар шұғыл қабылданып, қажет болған жағдайда облысымыздың жақын орналасқан медицина мекемелеріне жіберіледі», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қостанай облысының Федоров ауданында аурухананың өртенгенін хабарлаған едік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.