10.11.2020, 04:20
Оқиғалар
Қостанай облысында аудандық ауруханадан өрт шықты
Ғимараттан 50 адам эвакуацияланды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысы Федоров аудандық аурухана ғимаратының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде қызыл жалын 300 шаршы метр алаңда шатырлы үй-жай мен лифт шахтасын шарпып үлгерген. Алдын ала мәліметтер бойынша, аурухана ғимаратында болған 50 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Жансақтау бөлімінен 4 науқас құтқарылды», - деп жазылған ақпаратта.
Өртті сөндіруге 12 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
