ШҚО-да 67 млн теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр

Агрегат іске қосылса, суды тазалауға кететін шығынды үнемдеуге болады

ШҚО-да 67 млн теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО Шемонайха ауданы Первомай кентінде 67 миллион теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар агрегат іске қосылса, сумен жабдықтауда біршама үнем болатынын айтты. Бұл станция суды сүзгілеуге, тазалауға кететін шығынды үнемдеуге сеп бола алады.  Алайда дәл қазір құрылысты жалғастыру мүмкін емес. Өйткені алдымен мердігер компанияға байланысты сот шешімі шығу керек. Сондықтан даулы іске нүкте қойылмайынша, ауыз су шаруашылығына қажетті қондырғыны қолдануға болмайды.

«Бұл сот шешімі аяғына дейін жетпей отыр, біріншіден өйткені мердігер компания тарапынан келетін шығынды өтеуді талап етіп отырмыз, ол талап толығымен өтелмей, біз жұмысты аяқтай алмаймыз», - дейді Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.