$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 03:35
Жаңалықтар

11 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

11 қараша күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

11 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Серіктес жаңалықтары